"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша  білім бөлімі Талкара ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Талкара" отдела образования  по Аккольскому району управления образования Акмолинской области

Телефон доверия 111

Республиканский телефон 903152


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп асханаларында тыйым салынған өнімдер мен тағамдардың тізімі

Мектеп асханалары мен буфеттері бірінші кезекте тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары табиғи тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен мектептік тамақтануда:

  1. мыналарды: пастерленбеген сүтті; термиялық өңдеуден өтпеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл, жүрек, бауырды қоспағанда мал мен құстың қосымша ет өнімдерін; механикалық түрде еті сылынып алынған мал мен құс етін; құрамында коллагені бар құс етін; сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін; генетикалық түрлендірілген шикізатты және (немесе) генетикалық түрлендірілген көздері бар шиізаттарды; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды; банкалардың тұмшалануы бұзылған консервілерді, қақпағы көтерілген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды; ішкен тамақтың артық қалған бөлігін, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты; саңырауқұлақты; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде) тамақ өнімдерін; ащы тұздықтар, кетчуптарды, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша), сірке суын; табиғи кофені пайдалануға;
  2. мыналарды: қатық, сүзбе мен қышқыл сүт өнімдерін; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді; кремі бар кондитерлік бұйымдарды; морстар, квастарды; фритюрде қуырылған бұйымдарды; шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды мектеп асханасында дайындауға және сатуға;
  3. мыналарды: фаст-фудтарды - гамбургерлерді, ход-догтарды, чипсилерді, кептірілген нанды, қытырлақ нанды және тағы басқаларын; құрамына жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер, тәттілендіргіштер кіретін тамақ өнімдерін (тәтті сусындар, сүт-шоколад батончиктері және печенье, шикі ысталған гастрономиялық ет бұйымдары, шұжықтар және басқалар) сатуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ата-аналар мектеп асханасына баруға құқылы екендігін хабарлайды. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда ата-аналар ҚР  ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында аумақтық департаменттер  бөлігінде көрсетілген).

Жаңартылған күні: 03.10.2019 15:51
Құрылған күні: 03.10.2019 15:51

Текст