"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша  білім бөлімі Талкара ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Талкара" отдела образования  по Аккольскому району управления образования Акмолинской области

Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары! "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Талқар ауылының негізгі орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 1-30 наурыз аралығында ресми интернет-ресурста 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды. "Талқара ауылының негізгі орта мектебі" КММ


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп

07.04.2025

2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы  бойынша білім бөлімінің Талқара ауылының негізгі орта мектебі" КММ. Заңды мекен-жайы А. Талқара 

Мектепте мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі

2024 жылы 32 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 4;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 18;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 10.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруүшін құжаттарды қабылдау»;

        «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

            "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау"

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

          Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің   http://school-talkara.edu.kz.ru ресми интернет-ресурсында қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері келтірілген. Мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

          Қазіргі уақытта ішкі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің нтернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.   

          2024 жылы мектеп БАҚ пен әлеуметтік желілерде 7 бейнеролик пен 8 мақала жариялады. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

         

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету  және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылуда.

          Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетуде, 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

          4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

         

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда/

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2025 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша  жұмысты  жалғастыратын болады.

 

Басшы                                                                                             А.Ж.Аубакирова

 

Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст